Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЭкономика

Алматы облысында жылына 2 мың тоннадан астам жүн өңдейтін зауыт салынады

Өңірде қой жүнін терең өңдеуге арналған өнеркәсіптік кәсіпорын құрылысы басталды. Құны 1,2 млрд теңгені құрайтын «Мерген Холдинг» компаниясының инвестициялық жобасы отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытуға және аймақтың қайта өңдеу секторын нығайтуға маңызды серпін береді.

Жалпы аумағы 3 мың шаршы метр болашақ өндірістік кешен заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға бағытталған. Кәсіпорын жылына 2 мың тоннадан астам жүн өңдеп, жергілікті мал шаруашылығы ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.

Жоба аясында дәстүрлі текеметтерден бастап көрпелер мен халық тұтынатын өзге де сұранысқа ие тауарлар түрін шығару көзделген. Бұл отандық өнім түрлерін көбейтіп қана қоймай, импортқа тәуелділікті айтарлықтай азайтуға, сондай-ақ «Қазақстанда жасалған» брендімен жоғары қосылған құны бар тауарлардың үлесін арттыратын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Ақмола облысында екі жайлы мектеп ашылды

admin_altyalash

«JUMYSTAP.kz» сервистік платформасы астаналықтарға жұмыс табуға көмектеседі

admin_altyalash

Қанат Бозымбаев Атырау облысындағы су тасқынына қарсы күрес шараларын тексерді

admin_altyalash