Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарЖаһан жаңалықтарыМәдениетӨнер

«Салтанат» би ансамблі Уфада өнер көрсетті

Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасының Уфа қаласында «Би – халықтың жаны» атты халықаралық фестиваль өтті. Іс-шараға Қазақстан атынан «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі қатысты.

Фестиваль аясында «Салтанат» би ансамблі Фәйзи Ғасқаров атындағы Башқұртстан мемлекеттік академиялық халық биі ансамблімен бір сахнада өнер көрсетті. Қос ұжым қазақ пен башқұрт халқының би өнерін үндестіріп, ұлттық дәстүр мен сахна мәдениетінің үйлесімін көрсетті.

Кеш барысында көрермен назарына ұлттық би өнерінің озық үлгілері ұсынылды. Өнер кеші мазмұнды бағдарламамен жалғасып, фестивальге 700-ден астам адам жиналды.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады

admin_altyalash

«Сиань – Алматы» бағытындағы алғашқы туристік пойыз жолға шығады

admin_altyalash

Жамбыл облысында креативті хаб ашылды

admin_altyalash