Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарРуханиятСпорт

Алматыда Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған Джиу-джитсудан халықаралық турнир өтті

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің тұңғыш Қорғаныс министрі Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған балалар мен жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі халықаралық турнир өтті.

Биыл алтыншы рет ұйымдастырылған айтулы дода спорттық бәсеке ғана емес, нағыз отансүйгіштік пен достықтың мерекесіне айналды.

Турнирге бразилиялық джиу-джитсу шебері, Tactical Combat бағытының өкілі, 5-ші данның иегері Джулиано Де Пинна, батырдың қызы Айсұлу Нұрмағамбетова, Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев, Алматы облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Тұрымбетов, әйгілі спортшылар Сора Рахмонова, Әйгерім Әбілқадірова және өзге де қонақтар қатысып, жасөспірімдердің жеңіске деген жігерін оятты.

Биылғы турнирге елімізден ғана емес, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Грузия және Біріккен Араб Әмірліктері сияқты мемлекеттерден 300-ден астам спортшы қатысты.

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев сайысқа арнайы келіп, министрлік атынан қолдау білдірді. Біз әскери бөлімдерде джиу-джитсуды енгізіп, ел қорғанына айналатын рухты жастарды дайындап жатырмыз деді ол.

Sarbaz+ пилоттық жобасы бойынша мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар джиу-джитсу спортын дамытып, жарыстарға шығып жүргенін айта кеткен жөн.

Дүбірлі сайыста командалық есепте бірінші орын Qazaqstan Top Team, екінші орын Roller, үшінші орын UWC спорт клубтарына бұйырды.

Жеке есепте мықты белдесу көрсеткен Айлин Ысқақова ерекшеленді. Екі салмақ дәрежесінде боз кілемге шыққан ол үш белдесуден өткізіп, екі мәрте алтын тақты.

Жарыс соңында Алматы өңірлік гарнизонының Әскери полиция басқармасының қызметшілері арнайы көрсетілім ұсынды. Олардың қоян-қолтық ұрыстағы шеберлігі мен тактикалық қимылдары турнирдің шырайын келтіріп, жас спортшыларға нағыз сарбаздың қандай болуы керектігін көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде әлеуметтік көмек көрсету

admin_altyalash

Алматыда 570 мыңнан астам жасты қамтыған 500-ден аса экологиялық іс-шара өткізілді

admin_altyalash

Орталық Азияның энергетика саясатында елеулі өзгерістер болуы мүмкін – сарапшы

admin_altyalash