Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцог Alem.ai орталығының қызметімен танысты. Мұнда таланттарды тауып, оларды даярлаудан бастап ЖИ-шешімдерін әлемге таратуға дейінгі технологиялық дамудың толық циклі жүзеге асырылады.  

Израиль Президентіне Қазақстанның жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын экономика мен әлеуметтік саланың басты бағыттарына енгізудегі негізгі жетістіктері көрсетілді.

Сонымен қатар мемлекеттер басшыларына Astana Smart City жобасы туралы мәлімет берілді. Ауқымды бастама аясында елорданың жаңа интеллектуалдық инфрақұрылымы қалыптасады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында үшінші тазалық апталығы өтеді

admin_altyalash

Бұл – тек жаңа нысан ғана емес, халықтың әділдікке, заңға және теңдікке деген сенімінің нышаны

admin_altyalash

Экономика өсіп, инфляция төмендеуде – Әлихан Смайылов Қазақстанның 2023 жылғы даму қорытындылары туралы

admin_altyalash