Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Астанада ірі көлемде алаяқтық жасаған азамат ұсталды

gov.kz

Астана қаласы Алматы аудандық полиция қызметкерлері “Anti-fraud” жедел алдын алу іс-шарасы барысында ірі көлемде алаяқтық жасаған 43 жастағы азаматты ұстады.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті өзін Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушіге телефон арқылы хабарласқан. Ол “сіздің депозиттік шотыңыздан белгісіз тұлғалар ақша аударуға әрекет жасап жатыр” деп, азаматтың сеніміне кірген. Қауіпсіздік мақсатында жалған “қауіпсіз шот” ұсынып, оған 1 млн теңге аударуды сұраған.

Бұдан кейін жәбірленушіге өзін құқық қорғау қызметкерлері ретінде таныстырған басқа тұлғалар хабарласып, “операцияның жалғасып жатқанын” айтқан. Олар жәбірленушіден өзге де жинақтары туралы сұрап, оның екінші деңгейлі банктегі шотында қомақты сомадағы қаражат бар екенін анықтаған.

Алаяқтар азаматты ірі сомадағы қаражатты шешіп алып, оны “тексеру үшін” арнайы курьерге тапсыруға көндірген. Нәтижесінде жәбірленуші 21 млн теңгені қолма-қол алып, қорапқа салып, келген курьерге табыстаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қолға түсірген қаражатты әр түрлі счеттарға аударып жіберген шетел азаматын қолға түсірді.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция азаматтарды сақ болуға, бейтаныс адамдардың телефон арқылы айтқан нұсқауларына сенбеуге шақырады. Банк немесе құқық қорғау органдары қызметкерлері ешқашан ақша аударуды немесе қолма-қол қаражатты үшінші тұлғаларға беруді талап етпейді. Осындай жағдайларға тап болған жағдайда дереу полицияға хабарласу қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Елордалық еріктілер мен коммуналдық қызмет мамандары Ақмола облысындағы су тасқынына қарсы күресте көмектесуде

admin_altyalash

Ұлт болып ұйысу, жұрт болып жұмылуда зиялы қауымның атқарар рөлі зор – Жанарбек Әшімжан

admin_altyalash

Қолөнер және қылқалам шеберлері мен зергерлерінің көрме-жәрмеңкесі басталды

admin_altyalash