Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиГлавнаяНовостиКультураДуховность

Өскеменде «Ғасырлық дәстүрлер» халықаралық сәндік-қолданбалы өнер және кілем тоқу фестивалі өтеді

Халықаралық музейлер күні аясында 14–17 мамыр аралығында Өскемендегі Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі Сол жағалау кешенінің аумағында «Ғасырлық дәстүрлер» халықаралық сәндік-қолданбалы өнер және кілем тоқу фестивалі өтеді.

Бұл – кілем, алаша тоқу және текемет, сырмақ тігу өнерінің үздік шеберлері бас қосатын бірегей алаң!

Фестивальге 8 мемлекеттен және ел өңірлерінен жалпы алғанда 800-ден аса қолөнер шебері қатысады. Атап айтқанда, кілем тоқу өнерінің ежелгі отаны саналатын Әзірбайжан Республикасынан, Ресей, Қытай, Түркия, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан және Таулы Алтай мемлекеттерінен, елдің таңдаулы қолөнер шеберлері қатысады. Бұған қоса, Қазақстан Республикасы Материалдық емес мәдени мұрасын қорғау жөніндегі Ұлттық комитетінің мүшелері де фестиваль жұмысына атсалысады.

Фестиваль аясында:

— «Global Best of Records» халықаралық рекордтар кітабына енгізе отырып, «Аламан құрақ – 2026» жобасын (жоба авторы Н. Абайқан) өткізу қарастырылған;

— жетекші шеберлердің шеберлік сағаттары;

— тақырыптық көрмелер мен шығармашылық зертханалар;

— облыстың этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесу;

— облыстың аудандары мен қалаларының мәдениет қызметкерлері үшін бейінді сарапшылардың қатысуымен материалдық емес мәдени мұра мәселелері бойынша оқыту семинары.

Фестиваль аясында өтетін концерттік концерттік бағдарламада арнайы келген этникалық музыка шеберлері өнер көрсетіп, көрерменге әуен арқылы терең сыр шертеді. Күмбірлеген күй мен сазды әуен ұлттық мұрамыздың інжу-маржанын жарқырата танытып, әр жүрекке рухани жылу сыйлайды.

«Ғасырлық дәстүрлер» фестивалі – сан алуан мәдениеттер тоғысқан, өткен мен бүгінді жалғаған тағылымды көпір іспетті. Бұл – ата-бабадан жеткен асыл өнерді ұлықтап, шеберліктің нәзік өрнегін келер ұрпаққа аманат ететін, жаңа шығармашылық ізденістерге жол ашатын шабыт мекені.

Мереке күндері сіздерді осы ерекше рухани кеңістікте жүздесуге шақырамыз.

Кіру тегін. Өткізу орны: Сәтпаев даңғылы, 79 а.

Ұқсас жаңалықтар

Во имя справедливости!

admin_altyalash

В Карагандинской области полиция провела рейд против сонных водителей

admin_altyalash

Закон о возврате государству незаконно приобретенных активов признан соответствующим Конституции

admin_altyalash