Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовостиЗаң мен тәртіп

Алматыда интернет-дүкен арқылы есірткі тарату арнасы тоқтатылды

gov.kz

Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесі интернет-дүкен арқылы есірткі заттарын заңсыз тарату арнасын әшкерелеп, оның қызметін тоқтатты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында туыстық байланысы бар үш азамат ұсталды. Тергеу деректеріне сәйкес, олар алдын ала ұйымдасқан түрде әрекет етіп, есірткі заттарын тарату схемасында әрқайсысы өз міндетін атқарған.

Жеке тінту және тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тексеріс кезінде синтетикалық және өсімдік тектес есірткіге ұқсас заттар салынған орамалар, сондай-ақ таратуға дайындауға арналған электронды таразылар, қаптама материалдары және өзге де құралдар тәркіленді.

Сонымен қатар қала аумағында есірткі заттарын тарату мақсатында жасырылған бірнеше жасырын орындары анықталды.

Тәркіленген заттардың жалпы көлемі ірі партияға жатады. Барлық заттар сот-химиялық сараптамаға жіберілді.

Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Батыржан Абдумасаровтың айтуынша:

— Өткізілген операция барысында есірткі заттарын заңсыз таратуға қатысы бар топтың қызметі тоқтатылды. Олардың алдын ала келісіп, әрқайсысы өз рөлін атқарып, жүйелі түрде қаптау және тарату жұмыстарымен айналысқаны анықталды. Заңсыз айналымнан ірі көлемдегі есірткі және оны дайындауға арналған құралдар тәркіленді. Мұндай қылмыстар қоғамға, әсіресе жастарға үлкен қауіп төндіреді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Заң алдындағы жауапкершіліктен ешкім қашып құтыла алмайды, – деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

ОСДП и Ассоциация деловых женщин презентовали проект PANA по созданию сети точек укрытия для женщин и детей

admin_altyalash

Впереди нас ждёт ещё много запланированных дел

admin_altyalash

Библиотеки как «третье место в жизни»: проект TANA и Jaña klub создаёт новую модель общественных пространств в Казахстане

admin_altyalash