Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарҒылым-БілімЖаңалықтар

SAF Qymyz – дәстүрлі қымызды заманауи үлгіде жаңаша ұсынған жоба

Алматыдағы JAS.BRANDS қазақстандық агенттігінің SAF Qymyz жобасы Нью-Йоркте өткен DIELINE Awards 2026 халықаралық сыйлығының алтын жүлдесін иеленді. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасының өкілдері хабарлады.

Жоба алкогольсіз және әлсіз алкогольді сусындардың тұжырымдамалық дизайны санатында үздік деп танылып, әлемнің әр түкпірінен ұсынылған 1500-ден астам жұмысты басып озды. Марапаттау рәсімі 6 мамыр күні LUXE PACK көрмесі аясында өтті.

SAF Qymyz – дәстүрлі қымызды заманауи үлгіде жаңаша ұсынған жоба. Қазақтың кесесінен шабыт алған оның авторлары алюминий құтысының дизайнын минималистік үлгіде әзірлеген. Ал «SAF» атауы қазақ тіліндегі «саф», «таза» деген мағынаны білдіреді.

DIELINE Awards қаптама дизайны саласындағы әлемдегі жетекші сыйлықтардың бірі саналады. SAF Qymyz жобасының жеңісі қазақстандық креативті индустрияның әлеуетін көрсетіп, Алматыдан шыққан жобалардың халықаралық деңгейде мойындалып жатқанын тағы бір дәлелдеді.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, мұндай жобалар Алматының ұлттық мәдениетті заманауи дизайн, гастрономия және шығармашылық индустрия арқылы жаңғырта білетін креативті орталық ретіндегі беделін нығайта түседі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда орташа жалақы өсті

admin_altyalash

Әлемді бағындырар спортшыларымыздың бірі болады деп үміттенеміз

admin_altyalash

Батыс Қазақстан облысында 15 үйдің иесі табылмай жатыр

admin_altyalash