Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяКультураӨнер

Астанада Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалдық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалдық байқаудың гала-концерті өтті. Салтанатты кеште өнерпаздар мен байқау лауреаттары сахна төрінде өнер көрсетіп, жеңімпаздар марапатталды.

Байқаудың бас жүлдесі Медет Орынбаевқа табысталды. Бірінші орынды Меруерт Желдібаева иеленсе, екінші орын Сәкен Алимхановқа бұйырды. Үшінші орынды Эльвира Мамытова мен Аян Байжігіт бөлісті.

Кеш шымылдығы Халық қаһарманы Роза Бағланованың репертуарындағы әйгілі «Ах, Самара-городок» халық әнімен ашылды. Кешке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Ысқақова, ҚР Мәдениет саласының үздігі Перизат Тұрарова, халықаралық байқаулардың лауреаты Асылхан Шалқаров және өзге де «Қазақконцерт» әртістері қатысты.

I, II және III дәрежелі орын иегерлеріне дипломдар табысталып, өзге қатысушыларға сертификаттар берілді. Сонымен қатар Роза Бағланованың отбасы атынан Айназ Рахимзадэ, Инна Троян, Мухаддас Алиева және Гран-при иегері Медет Орынбаевқа арнайы сыйлықтар тарту етілді.

«Қазақконцерт» әртістері мен байқау лауреаттары көпшілікке мазмұнды бағдарлама ұсынды. Сахнада шырқалған әндер арқылы қатысушылардың орындаушылық шеберлігі паш етілді. Кеште Роза Бағланованың репертуарындағы таңдаулы туындылар орындалып, әншінің мол шығармашылық мұрасы жас буынға кеңінен дәріптелді.

Ұқсас жаңалықтар

ALLUR НАПРАВИЛА 100 МЛН ТЕНГЕ В ЭНДАУМЕНТ-ФОНД ОБЩЕСТВА «ҚАЗАҚ ТІЛІ»

admin_altyalash

Правительство открыто к конструктивному диалогу с инвесторами во всех сферах – Олжас Бектенов провел промежуточное заседание СИИ

admin_altyalash

Опыт Казахстана по внедрению e-Qyzmet представлен на международной платформе OPSI OECD

admin_altyalash