Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орда тарихына қатысты археологиялық, жазба және мәдени жәдігерлер қойылған экспозицияны аралап көрді.
Көрмедегі негізгі жәдігерлердің бірі – дәуір билеушілері мен тарихи тұлғалар туралы генеалогиялық мәліметтерді қамтитын «Хандар шежіресі» атты қолжазба. Сонымен қатар Каталон атласы, жазба деректер, теңгелер және тұрмыстық бұйымдар бар. Жазба мұралар арасында 3 жарлық, 4 дипломатиялық хат пен 21 қолжазба түпнұсқа және электронды форматта ұсынылған.
Көрменің мақсаты – Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасын жан-жақты насихаттау және оның ғылыми зерттеу аясын кеңейту.






