Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовостиКультураӨнерДуховность

Ұлттық мәдениетті дәріптеуге арналған «Халық әуені» жобасы басталды

Қазақстанда ұлттық мәдениетті дәріптеуге арналған «Халық әуені» жобасы басталды. Жобаның алғашқы күнінде өңірлердегі концерттерді 6 мыңға жуық көрермен тамашалады.

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аясында еліміздің 17 облысында жетекші шығармашылық ұжымдар алғашқы концерттік бағдарламаларын ұсынды. Концерттік-гастрольдік тур барысында өнер майталмандары шалғай аудан орталықтары мен ауыл тұрғындарымен жүздесіп, ұлттық және заманауи музыкалық өнердің таңдаулы туындыларын орындады.

Концерт барысында көрермен қауымға халық әндері, дәстүрлі саз өнерінің жауһарлары және заманауи эстрадалық шығармалар ұсынылды.

«Халық әуені» жобасы қазақтың ән-күй өнерін халыққа кеңінен танытуға және ұлттық мұраның өңір тұрғындары арасында насихатталуына бағытталды. Әсіресе мәдени іс-шаралар сирек өтетін елді мекендерге басымдық берілді.

Жоба «Халық Банкі» АҚ-ның қолдауымен ұйымдастырылды. Концерттік-гастрольдік тур 23 мамырға дейін жалғасады. Жалпы жоба аясында еліміздің өңірлерінде 51 концерт өткізу жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Глава государства встретился с молодыми учеными в здании Национальной академии наук

admin_altyalash

Национальная сборная РК по кокпару активно готовится к 5-м Всемирным играм кочевников

admin_altyalash

Ильхам Алиев поблагодарил Касым-Жомарта Токаева за осуждение ударов на аэропорт в Нахичевани

admin_altyalash