Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарҒылым-БілімЖаңалықтар

Оқу-ағарту министрлігінің «Жыл волонтёры» Duke University (АҚШ) грантын жеңіп алды

Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) оқушысы Андрей Репалов әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының бірі – АҚШ-тағы Duke University университетінен шақырту алды. Аталған оқу орны әлемдік рейтингте үздік 25 университеттің, ал АҚШ бойынша үздік 7 жоғары оқу орнының қатарына кіреді.

Андрей Репалов – РФММ-нің үздік оқушыларының бірі. Ол академиялық, инженерлік және жобалық қызмет бағыттарында жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.

Андрей – «Мектеп мақтанышы» атағының үш дүркін иегері, FIRST Tech Challenge халықаралық робототехника жарысының жеңімпазы және жүлдегері. Аталған додада Қазақстан тарихында алғаш рет алтын медаль жеңіп алды. Сонымен бірге NASA және Samsung халықаралық жобаларының финалисі әрі жеңімпазы.

Қоғамдық қызметте Андрей Ashyq Jurek волонтёрлік ұйымының мектептегі филиалын құрды. 2023 жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен USTEM Foundation қорының бірлескен «Жыл волонтёры» атағына ие болды. Сондай-ақ ол Қазақстандағы АҚШ Елшілігі тарапынан марапатталған алғашқы волонтёрлердің бірі.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі дарынды жастарды қолдауды жүйелі түрде жүзеге асырып, оқушылардың академиялық және кәсіби әлеуетін дамытуға, сондай-ақ олардың халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасауда.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына барды

admin_altyalash

Маңғыстау облысындағы туристік әлеуеттің даму перспективасы зор

admin_altyalash

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Әзербайжанда жүр

admin_altyalash