Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовостиЗаң мен тәртіпОбщество

Ақтөбеде қоғамдық көліктегі қауіпсіздікті арттыруға бағытталған пилоттық жоба іске қосылды

Ақтөбе қаласында қоғамдық көлік жолаушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған пилоттық жоба жүзеге асырыла бастады.

«Orsa Vision» ЖШС Ақтөбе облысы полиция департаментімен бірлесіп, қоғамдық көліктерде орын алуы мүмкін төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін инновациялық жүйені таныстырды.

Жоба аясында автобустардың салонына бейнекамералар мен арнайы дабыл түймелері орнатылған. Төбелес, бұзақылық, мас күйдегі жолаушылардың құқыққа қайшы әрекеттері, көлікке төнген қауіп немесе өзге де төтенше жағдайлар туындаған кезде жүргізуші дабыл түймесін басады.

Осы сәтте Ақтөбе облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығына автоматты түрде дабыл сигналы келіп түседі. Орталық операторының мониторында автобус салонындағы бейнежазба бірден ашылып, интерактивті карта арқылы қоғамдық көліктің нақты орналасқан жері мен қозғалыс бағыты көрсетіледі.

Оқиға барысын бейнебақылау арқылы бағалаған Жедел басқару орталығының инспекторы автобусқа ең жақын орналасқан полиция жасағын дереу бағыттайды. Бұл құқық қорғау қызметкерлерінің оқиға орнына жедел жетуіне мүмкіндік беріп, жағдайдың күрделенуінің алдын алады.

Жобаның басты мақсаты – қоғамдық көлік жолаушыларының қауіпсіздігін арттырып, жүргізушілер мен полиция арасындағы өзара іс-қимылды күшейту. Жаңа жүйе төтенше жағдайда жедел көмек көрсетуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Қазіргі уақытта жүйе сынақ режимінде жұмыс істеп, көрсетілімдік тексеруден өтуде. Пилоттық жобаның нәтижелері оң бағаланған жағдайда, оны Ақтөбе қаласындағы барлық қоғамдық көліктерге кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Tesla Cybertruck будут дежурить на саммите ОТГ в Туркестане

admin_altyalash

Каждый из нас может повлиять на судьбу своей страны – лидер Движения Жаңа адамдар о новой Конституции

admin_altyalash

Гольф в городе: как клуб «Birdie» меняет формат отдыха в Алматы

admin_altyalash