Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиПолитика

Мемлекет басшысы Дания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Король X Фредерикті Дания Корольдігінің ұлттық мерекесі – Конституция күнімен құттықтады.
Қазақстан Президенті аталған мереке Дания халқы үшін демократиялық құндылықтардың, қоғамдық келісімнің және орнықты дамудың символы ретінде ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы достық пен өзара қолдау рухындағы қазақ-дат байланыстары одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король X Фредериктің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас Дания халқына бақ-береке тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Казахстан, Кыргызстан и Узбекистан продолжат сотрудничество в сфере энергетики

admin_altyalash

Казахстан признан одной из самых безопасных стран мира

admin_altyalash

«Бірлік ағашы»: В День единства народа Казахстана по всей стране прошла акция «Таза бейсенбі» партии «AMANAT»

admin_altyalash