Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЗаң мен тәртіпҚоғам

Оралда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан күдікті қолға түсті

gov.kz

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысты деген күдікке ілінген азаматтың заңсыз әрекетінің жолын кесті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 28 жастағы Орал қаласының тұрғыны басқарған Hyundai автокөлігін тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде ішінен есірткі заты салынған 75 zip-пакет орналасқан үш ірі орама анықталды.

Кейін күдіктінің тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту барысында дәл осындай зат салынған тағы бір пакет пен 28 zip-пакет, сондай-ақ электронды таразы, кофе тартқыш, қаптама материалдары және изолента тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат мефедрон болып шықты. Есірткінің жалпы салмағы 570 грамды құрады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ұсталған азамат Telegram мессенджері арқылы жұмыс істеген есірткі интернет-дүкенінде “қоймашы” қызметін атқарған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қылмыстық схеманың өзге де қатысушыларын және есірткіні жеткізу арналарының жолдарын анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шараларын жалғастыруда.

Ұқсас жаңалықтар

Пікірі сенікімен сәйкес келмегенді жау санау – елді ойлаған адамның ісі емес

admin_altyalash

«Жақсылық шыршасы»: елорданың кішкентай тұрғындары бағалы сыйлықтарға ие болды

admin_altyalash

500 шетелдік жұмысшы қажет – Көлік министрі Премьер-министрден көмек сұрады

admin_altyalash