Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиОбщество

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық  кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

2026 жылғы 9 маусымда Астана қаласындағы Достық үйінде «Мемлекеттік этносаясатты сараптамалық сүйемелдеу: талдау, болжау және ғылыми зерттеулер» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шара ғылыми қауымдастық, сарапшылар ортасы, мемлекеттік және қоғамдық институттар өкілдерінің қатысуымен аралас форматта ұйымдастырылды.

Отырысты Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Луиза Узарова модерациялап, талқылау демографиялық тұрақтылық, социологиялық зерттеулер, сондай-ақ мемлекеттік саясатты дамытудағы және этносаралық қатынастарды нығайтудағы жас ғалымдардың рөлі сияқты негізгі бағыттарды қамтитынын атап өтті. Ол ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесі жанындағы Жас ғалымдар клубының құрылуы этносаралық қатынастар саласына терең бойлаған жас сарапшылардың тиімді «триадасын» қалыптастырудағы маңызды қадам болғанын жеткізді.

Қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеген ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрайымы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы Айгүл Садвокасова қазіргі қоғамдық-саяси өзгерістер жағдайында мемлекеттік этносаясатты ғылыми-эксперттік сүйемелдеудің өзектілігі жоғары екенін атап өтті.

ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесі Жас ғалымдар клубының тең төрағасы, Қазақстандық қоғамдық даму институтының Отбасылық және гендерлік саясатты зерттеу орталығының директоры Эльмира Отар азаматтық диалог тетіктерін дамыту мен қоғамдық қатысуды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударып, кеңестің ғылыми-сараптамалық қызметіне қатысты бірқатар мәселелерді қарастырды.

«Қазақстанның демографиялық тұрақтылығын бағалау» тақырыбында баяндама жасаған ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі жанындағы Демографиялық процестерді талдау және болжау орталығының жетекшісі, ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Сарапшылар клубының мүшесі Аяулым Сағынбаева елдегі қазіргі демографиялық үрдістер мен олардың тұрақтылығына әсер ететін факторларға талдау ұсынды. Баяндамада халық санының динамикасы, туу мен өлім-жітім көрсеткіштері, көші-қон процестері және өңірлік айырмашылықтар сияқты негізгі көрсеткіштер қарастырылды.

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының Этносаралық жағдайды мониторингтеу орталығының директоры Жұлдыз Кәрім Қазақстандағы қоғамдық көңіл-күйге жүргізілген социологиялық зерттеу нәтижелерін таныстырып, этносаралық қатынастар мен қоғамдық сенім деңгейінің динамикасына назар аударды.

Жас ғалымдар клубының мүшесі, Астана халықаралық университетінің аға оқытушысы, «Рух Жанығы» қоғамдық қорының жетекшісі Айдар Хамит өз баяндамасында этносаяси процестерді талдамалық сүйемелдеуде жас сарапшылардың қызметінің маңыздылығын атап өтті.

Пікірталас барысында қатысушылар мемлекеттік этносаясатты іске асыру, қоғамдық келісімді нығайту, сараптамалық-талдамалық қызметті дамыту және азаматтық қатысу тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ этносаралық қатынастар саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру, заманауи деректерді талдау әдістерін енгізу және ғылыми қауымдастық, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара іс-қимылды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Отырысқа Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, жоғары оқу орындарының, мемлекеттік органдардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік құрылымдарының өкілдері, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен келген жас ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша этносаяси үдерістерді ғылыми-сараптамалық сүйемелдеуді одан әрі дамытуға, талдамалық және болжамдық жұмысты жетілдіруге, этносаралық келісімді нығайтуға және Қазақстан Республикасындағы қоғамдық диалогтың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Правила голосования для зрителей международного музыкального конкурса Silk Way Star

admin_altyalash

Ермек Кошербаев посетил социальные объекты Шымкента

admin_altyalash

Камеры «Сергек» появятся на алматинской барахолке

admin_altyalash