Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиКультура

Қазақ мемлекеттік филармониясының 90 жылдығына арналған кітап көрмесі ашылды

ҚР Ұлттық кітапханасында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының 90 жылдығына арналған «Шуағын төккен өрнектер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты оқырмандарға Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының тарихы мен даму кезеңін көрсетіп таныстыру.

Көрмеге Ұлттық кітапхана қорынан 200 басылым, соның ішінде кітаптар, журналдар, күйтабақтар мен CD-дисклер қойылған.

Көрме екі бөлімнен тұрады.

«Филармонияның өсу жолы» атты бірінші бөлімде Қазақ филармониясының өмірбаяндық ақпараты мен тарихын қамтитын әдебиеттер ұсынылған.

«Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы – бүгін» атты екінші бөлімде музыкалық шығармашылығы, көрнекті музыканттар мен ұжымдар, сондай-ақ филармонияның қазіргі жетістіктері туралы әдебиеттер бар.

Кітап көрмесі 28 ақпанға дейін жалғасады

Ұқсас жаңалықтар

МВД: За порчу природных и исторических объектов предусмотрена уголовная ответственность

admin_altyalash

Минздрав: в 2025 году 125 тысяч детей прошли медицинскую реабилитацию

admin_altyalash

Народная партия Казахстана продолжает обсуждение проекта новой Конституции

admin_altyalash