Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиОбщество

Қаскелеңнен Алматыға апаратын жол 8 жолаққа дейін кеңейтіледі

Қаскелеңнен Алматыға апаратын жол 8 жолаққа дейін кеңейтіліп, бес арнайы көлік эстакадасы салынады. Бұл туралы Алматыға жұмыс сапары аясында барған көлік министрі Марат Қарабаев айтты. Жұмыс Мемлекет басшысының Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізіледі.

Құрылыс екі кезеңде жүргізілмек. Бірінші кезең аясында ҮАААЖ-нан (Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы) Қаскелең өткеліне дейінгі учаске қамтылса, екінші кезеңде Қаскелең өткелінен Әйтей ауылына бұрылысқа дейінгі учаске қамтылмақ. Жобалау жұмыстары басталды.

Аталған шара көлік қатынасын жақсартуға және жол жүру уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Сөз етілген учаскедегі өткізу қабілеті тәулігіне 60 мыңнан 90 мың көліккк дейін ұлғаяды. Жолдың кеңеюі кептелістің төмендеуіне әкеледі деп күтілуде. Автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мамандар 12 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін салады.

Ұқсас жаңалықтар

Война в цифре: как следователь АФМ разоблачает наркосети в Telegram и криптовалюте

admin_altyalash

Казахстан, Кыргызстан и Узбекистан продолжат сотрудничество в сфере энергетики

admin_altyalash

Камеры «Сергек» появятся на алматинской барахолке

admin_altyalash