Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Қытай, Вьетнам және Египетке жаңа рейстер ашылады

ҚР Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы маршрут бойынша рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде.

Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап «Air Astana» әуекомпаниясы Вьетнамға аптасына 4 рет жиілікпен Алматы-Нячанг және аптасына 3 рет жиілікпен Астана-Нячанг бағыттары бойынша және аптасына 3 рет жиілікпен Алматы-Гуанчжоу бағыты бойынша Қытайға жаңа маршруттар ашады.

Көктемгі-жазғы маусымынан бастап «Air Cairo» әуекомпаниясы аптасына 1 рет жиілікпен Қостанай-Шарм-эль-Шейх және аптасына 2 рет жиілікпен Алматы-Хургада бағытында рейстер ашуды жоспарлап отыр, сондай-ақ аптасына 1 рейс жиілігімен Алматыдан Эль-Аламейнге рейстерді қайта бастау жоспарлануда.

Жаңа бағыттардың ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Ұқсас жаңалықтар

Три крупные площадки по продаже наркотиков выявили в Казнете

admin_altyalash

Поздравляю всех работников СМИ с профессиональным праздником!

admin_altyalash

Новых акимов районов назначили в Алматы

admin_altyalash