Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиОбщество

Ұялы телефонға кез келген бағдарламаларды орната берудің қажеті жоқ

Фото: newsler.ru сайтынан алынды
Касперский зертханасы сарапшылары смартфонға қандай да бір қосымша жүктер алдында мұқият болуға шақырады.

Сарапшылардың айтуынша, алаяқтар дәл осы қолданбалар арқылы жеке деректерге қол жеткізе алады. Телефондағы 20-ға жуық қосымшадан адамдардың жеке дерегін хакерлерге жіберетін вирустар табылған.

“Зиянды бағдарлама смартфондағы қандай да бір суретті немесе құжатты айлакерлерге жібереді Сондықтан ұялы телефонға кез келген бағдарламаларды орната берудің қажеті жоқ. Байланыс құралын вирусқа қарсы тазартып отыру керек”, – дейді мамандар.

Касперский зертханасының қазақстан, орталық азия және моңғолиядағы басқарушы директоры Валерий Зубановтың айтуынша, вирус көбіне жеткізу қызметін ұсынатын қосымшаларда немесе маркетплейстерде болуы мүмкін.

“Тіпті танымал мессенжерлерде де бар. Оны өздігімізден анықтау мүмкін емес. Сондықтан, смартфонға жиі антивирустық бағдарламалар орнату керек. Сондай-ақ карталар мен қандай да бір логин мен құпия сөзді фотоға түсіріп, галереяда сақтамау керек”, – дейді Валерий Зубанов.

Ол арнайы қосымшаларды көшіріп, маңызды ақпараттарды сонда сақтауға кеңес береді.

Ұқсас жаңалықтар

Новая Конституция РК позволит эффективнее защищать права социально уязвимых групп – Ляззат Калтаева  

admin_altyalash

Состоялся семинар на тему «Диагностика устойчивости студентов к вовлечению в деструктивные социальные эпидемии»

admin_altyalash

Спасатели МЧС усилили патрулирование на водоемах

admin_altyalash