Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиПолитика

USAID Қазақстандағы «жалған ақпаратқа қарсы күреске» 4,5 млн доллар бөлген — Ақ үй

фото:reuters

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт Джо Байден әкімшілігінің тиімсіз шығындарын жариялап, Қазақстанды да атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Каролин Левитт АҚШ-тың бұған дейінгі әкімшілігін айыптап, Ақ үйдің кейбір ессіз шығындары туралы айтты.

Мысалы Гватемаладағы «жыныс ауыстыру» бағдарламасына 2 миллион доллар жұмсалған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов та сөз қозғап, қоғамға жат әсері бар бағдарламаларды тексеруге шақырды. Себебі оның айтуынша, 2022-2025 жылдары USAID Орталық Азияда адам құқықтары мен теңдікті нығайтуға $2 млн бөлген. Ол бұл бағдарламаның атқарушысы Еуропалық халықаралық лесби, гей, бисексуал, трансгендер және интерсекс қауымдастығы екенін мәлімдеді.

Ал Қазақстандағы «жалған ақпаратқа қарсы күреске» 4,5 миллион доллар бөлінді, — деді Левитт.

Айта кетейік, 5 ақпанда USAID бүкіл әлем бойынша қызметкерлерін әкімшілік демалысқа жіберетінін хабарлады. Ал бұған дейін Дональд Трамп АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) басшылығында алдағы отставкалар болатынын мәлімдеген еді.

Ұқсас жаңалықтар

Рекордные 26,7 млн тонн зерновых собрано в Казахстане в 2024 году

admin_altyalash

Культура участия как выбор:  диалог с Клубами молодых избирателей

admin_altyalash

Международный турнир PGL Astana 2026 стартовал в столице

admin_altyalash