Қазақстанда 2025 жылғы 22 ақпаннан бастап екі жол ақылы болады.
Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы №39 және №40 бұйрықтарына сәйкес «Қостанай — РФ шекарасы (Троицке) және «Ақтөбе — РФ шекарасы (Орынборға) автожолдарының учаскелері автобус пен жүк көліктеріне ақылы болады. Аталмыш жол учаскелері ақы алу жүйесіне 2025 жылғы 22 ақпаннан бастап іске қосылады”, – делінген бұйрық мәтінінде.
1. «Қостанай – РФ шекарасы (Троицкіге дейін). Ақылы учаскенің ұзындығы 163 шақырымды құрайды. ІІ және ІІІ техникалық санаттан тұрады. Жүріп өту жолағының ені — кемінде 3,5 метр, қозғалыс жолақтың саны — 2 және 1 екі бағытта жолақ.
2. II санаттағы Ақтөбе – Мәртөк – РФ шекарасы (Орынборға дейін) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынборға) 17+000 – 99+692 км учаскесі. Ақылы жол учаскесінің ұзындығы 82 шақырым 692 метрді құрайды. Жол ІІ санатқа жатады, оның ені — кемінде 3,75 метр, ал жолағының саны — екі бағытта 1 жолақ.
“Жол жүру төлемі қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. Пайдаланушылардың қолайлығы үшін төлем жасаудың 10-ға жуық әдісі бар: интернет-банкингтер, төлем терминалдары мен электрондық әмияндар, ұялы телефон балансынан, Е100 жанармай картасы арқылы, және заңды тұлғалармен келісім шарт жасау. Алдын-ала төлем әлдеқайда арзан болғандықтан, төлемақыны уақтылы жасауға кеңес береміз”, – делінген компания хабарламасында.
Ақтөбе — РФ шекарасы (Орынборға) автожолының бір бағыттағы жол ақысының құны:
16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т дейін жүк автомобильдері үшін: алдын ала төлем — 515 теңге, кейінгі төлем — 600 теңге;
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т дейін жүк автомобильдері үшін: алдын ала төлем — 1040 теңге, кейінгі төлем — 1220 теңге;
32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т дейін автопоездар үшін: алдын ала төлем — 1545 теңге, кейінгі төлем — 1820 теңге;
Жүк көтергіштігі 10 т жоғары 15 т дейінгі жүк автомобильдері үшін: алдын ала төлем — 2080 теңге, кейінгі төлем — 2440 теңге;
— Жүк көтергіштігі 15 т жоғары жүк автомобильдер, оның ішінде тіркемелері бар ершікті тартқыштар үшін: алдын ала төлем — 2580 теңге, кейінгі төлем — 3040 теңге.
Қостанай — РФ шекарасы (Троицке) автожолының бір бағыттағы жол ақысының құны:
16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т дейін жүк автомобильдері: алдын ала төлем — 1010 теңге, кейінгі төлем — 1190 теңге;
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т дейін жүк автомобильдері: алдын ала төлем — 2055 теңге, кейінгі төлем — 2415 теңге;
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т дейін автопойыздар: алдын ала төлем — 3065 теңге, кейінгі төлем — 3610 теңге;
жүк көтергіштігі 10 т жоғары 15 т дейінгі жүк автомобильдері: алдын ала төлем — 4100 теңге, кейінгі төлем — 4825 теңге;
— Жүк көтергіштігі 15 т жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар ершікті тартқыштар: алдын ала төлем — 5120 теңге, кейінгі төлем — 6030 теңге.
