Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиКультура

Хасанғалиевке арналған кітаптың тұсаукесері өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында қазақтың музыка мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан даңқты композитор, әнші Ескендір Хасанғалиевтің өмірі мен шығармашылығына арналған Біржан Хасанғалиевтің «Ескендир Хасангалиев. Жизнь в музыке. Музыка в жизни» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға қазақ өнерінің майталмандары, белгілі музыканттар, орындаушылар, Ескендір Хасанғалиевтің отбасы мен жақындары, кітап авторының әріптестері мен достары қатысты.

Кітап 11 тараудан тұрады. Онда композитордың өмірі мен шығармашылық жолының әрбір кезеңі бүкпесіз баяндалған. Сонымен қатар кітапқа оның естеліктері мен фотосуреттері,
әндері мен романстарының толық тізімі енген.

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы қорынан «Ән болып жеткен Есаға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне кітапхана қорындағы композитор әндері мен романс ноталары, музыкалық жинақтары және естеліктер мен суреттері қойылған.

Ұқсас жаңалықтар

Свыше 820 тысяч человек посетили музеи Казахстана в первом квартале 2026 года

admin_altyalash

Наурыз в Астане: ИИ, цифровые юрты и миллионные охваты

admin_altyalash

Страны с высокой культурой чтения останутся в авангарде глобального прогресса – Токаев

admin_altyalash