Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиЭкономика

125 теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары басталды

2025 жылғы 14 сәуірден бастап еліміздің барлық өңірінде 125 теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары басталды.

«Модернизация және реконструкция жұмыстары аясында вокзал ғимараттарын қалпына келтіру мен жөндеу, сондай-ақ, инженерлік жүйелерді жаңарту жұмыстары атқарылмақ. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң  вокзалдардың өткізу қабілеті артып, заманауи күту залдары,  интернет, ақпараттық жүйелер мен арнайы сервистер пайда болады деп күтілуде», – деп атап өтті көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.

Қазақстандықтар мен шетелдік қонақтар арасында жоғары сұранысқа ие туристік локацияларда орналасқан 21 теміржол вокзалы да жөндеу жұмыстарымен қамтылды.

«Ірі қалалардағы вокзалдармен қатар, елді мекендер мен шалғай аудандарда орналасқан нысандарды да қамтыдық. Мәселен, Шығыс Қазақстан өңіріндегі барлық 5 вокзал, Ақмола облысында – 16, Атырау облысында – 9, Алматы облысында – 5, Ақтөбе облысында – 7, Абай облысында – 10, Жетісу облысында – 8, Батыс Қазақстан өңірінде – 4, Қарағанды облысында – 11 және басқа да өңірлердегі вокзалдар да жаңартылады», – деді көлік вице-министрі.

Аталған жобаларды іске асыру барысында отандық материалдарды пайдалануға басымдық беріледі. Бұл ішкі экономиканың дамуына және жергілікті өндірушілерді қолдауға ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Какие улицы перекроют в Алматы на Наурыз

admin_altyalash

Рекордные 912 медалей за 8 месяцев – казахстанские спортсмены показывают исторические результаты

admin_altyalash

МАУЛЕН АШИМБАЕВ И ТАНЗИЛА НАРБАЕВА ПОДПИСАЛИ ДОРОЖНУЮ КАРТУ ПО РАЗВИТИЮ СОТРУДНИЧЕСТВА МЕЖДУ СЕНАТОМ ПАРЛАМЕНТА КАЗАХСТАНА И СЕНАТОМ ОЛИЙ МАЖЛИСА УЗБЕКИСТАНА

admin_altyalash