Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовостиСпорт

«Жетісу» волейболшы қыздары Азияның клубтық Чемпиондар лигасындағы тұңғыш алтын медалін иеленді

«Жетісу» Филиппин елінде волейболдан әйелдер командалары арасында өткен Азияның Чемпиондар лигасында топ жарды. Ақтық сында талдықорғандық спортшылар вьетнамдық «Бин Дьен Лонг» командасын 3:1 есебінен ұтып, өз тарихында тұңғыш рет Азия Чемпиондар лигасының алтын медаліне қол жеткізді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, «Жетісу» командасы бұған дейін Азияның клубтық Чемпиондар лигасына тоғыз рет қатысып, екі мәрте – 2010 және 2013 жылдары күміс медаль алған болатын. Ал биылғы чемпионатта алтыннан алқа тағып, осылайша жетісулық команда алдағы қыркүйекте Таиландта өтетін клубтық Әлем чемпионатына жолдама алды.

Атап өтсек, Азия Чемпиондар лигасына Қазақстан, Таиланд, Филиппин, Қытай, Вьетнам, Қытай, Гонконг, Иордания және Иранның үздік әйелдер клубтары қатысқан болатын.

 

 

Фотосурет авторы: Серік Қантаев

Ұқсас жаңалықтар

О работе и содержании сети платных автомобильных дорог

admin_altyalash

Через спорт и воспитание – к правовой культуре:  итоги масштабной встречи в Атырау

admin_altyalash

Tesla Cybertruck будут дежурить на саммите ОТГ в Туркестане

admin_altyalash