Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ОбразованиеНовости

Жәнібек Асқарұлы – арманға жетудің мүмкін екендігін дәлелдеген жастың бейнесі

Түркістан облысының білім басқармасы ордабасылық оқушы Жәнібек Асқарұлы Абилхан ҰБТ-да ең жоғары 140 ұпай жинағанын мәлім етті.

Ұлттық бірыңғай тесттен 140 балл алған Абилхан Жәнібек Асқарұлы Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның түлегі. Жәнібек 1 сыныптан бастап Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияда білім алып келеді. Мектеп-гимназия директоры Исанова Сәуле Егембердіқызы. Сынып жетекшісі Бортай Гүлзира Ағабекқызы, — деп жазылхан Білім басқармасының хабарламасында.

Ұлттық бірыңғай тестілеуде Жәнібек информатика пәнін таңдаған. Білім басқармасы Жәнібектің жетістігіне орай құттықтауын да жеткізді.

Көпбалалы отбасыдан шыққан Жәнібек ізденімпаз, білімді оқушы. Жәнібектің жетістігі- табандылық пен жүйелі дайындықтың нәтижесі. Жәнібек Асқарұлы – арманға жетудің мүмкін екендігін дәлелдеген жастың бейнесі. Оның табандылығы, жауапкершілігі, уақытты тиімді пайдалануы мен өзіне деген сенімі – өзге оқушыларға үлкен үлгі. Білім жолындағы жеңісің құтты болсын, биік белестерден көріне бер!, — деп құттықтау білдірген.

Ұқсас жаңалықтар

«Bishimbayev University» FAKE

admin_altyalash

Казахстан стал ключевым инвестиционным центром Центральной Азии — отчет ООН

admin_altyalash

«Таза Қазақстан» продолжается в области Жетісу

admin_altyalash