Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиОбщество

Алматыда БАҚ қызметкерлері марапатталды

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Алматы қаласындағы Достық үйінде ақпарат саласының дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар журналистер мен медиа саласының мамандарына құрмет көрсетілді.

Салтанатты іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов қатысып, марапат иелеріне Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік наградалар табыстады. Ол Өз сөзінде бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы орны мен маңызын ерекше атап өтіп, сала қызметкерлеріне шығармашылық табыс пен мол игілік тіледі.

Марапатталғандардың қатарында баспа, теле-радио және интернет-журналистикада ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі мамандар бар.

Сала қызметкерлеріне «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдары және «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілері табысталды.

Министрлік алдағы уақытта да бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің еңбегін жоғары бағалап, олардың кәсіби дамуына қолдау көрсетуді жалғастыра бермек.

Ұқсас жаңалықтар

Казахстанский исполнитель Әмре выступит на сцене седьмым, на международном музыкальном конкурсе “Интервидение”.

admin_altyalash

Гольф в городе: как клуб «Birdie» меняет формат отдыха в Алматы

admin_altyalash

Летний туризм, безопасность детей и права медиков: Кошербаев провел совещание в ВКО

admin_altyalash