Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиСпорт

Тарихи кезеңнің куәсі әрі бір бөлшегі болғаныма мақтанамын

Чехияның Оломоуц қаласында өткен пара жеңіл атлетикадан «Olomouc Grand Prix» халықаралық турнирінде әлемнің 46 елінен келген 171 спортшы бақ сынады. Дүбірлі додада Қазақстан намысын елордалық спортшы Айсұлу Сүлейменова абыроймен қорғап, қос бірдей жүлдеге ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жарыс қорытындысы бойынша Айсұлу 100 метр қашықтықта күміс жүлдені, ал 200 метрде қола жүлдені еншіледі.

«Чехиядағы жарыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қатысушылардың арасында Олимпиада чемпиондары да болды. Бұл мен үшін айрықша маңызды сәт, себебі бұл осы санаттағы әйелдер арасындағы алғашқы жарыс болды. Осындай тарихи кезеңнің куәсі әрі бір бөлшегі болғаныма мақтанамын. 100 метрдегі күміс пен 200 метрдегі қола – бұл жай ғана медаль емес, барлығымыз үшін үлкен жетістік», – деп бөлісті Айсұлу жарыс әсерімен.

Ұқсас жаңалықтар

МИНЗДРАВ РАСШИРИЛ ДОСТУПНОСТЬ ЛЕЧЕНИЯ: СТОИМОСТЬ РЯДА ОНКОПРЕПАРАТОВ СНИЖЕНА БОЛЕЕ ЧЕМ НА 40%

admin_altyalash

Премьеру спектакля о Наталии Сац показал театр из Казахстана в Москве. Как проходят Дни культуры двух стран?

admin_altyalash

Известный журналист предложил закрепить светский характер воспитания и образования на уровне Конституции

admin_altyalash