Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовостиОбществоКультура

Абай облысының әкімі Түркістан өңірінің жұртшылығына алғысын жеткізді

Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар аясында Түркістан облысының мәдени күндері Семей қаласында жоғары деңгейде өтті. Екі күнге созылған іс-шаралар жергілікті тұрғындар мен қала қонақтарының зор ықыласына бөленді.

Мәдени күндер аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, Түркістан өңірінің табиғи әрі сапалы өнімдері нарықтағыдан төмен бағамен саудаланды. Жәрмеңкеге 540 тоннадан астам, 40-қа жуық өнім түрлері жеткізілді.

Бүгін Абай облысы әкімі аппаратының басшысы Эльдар Бақпаев киелі Түркістан жерінен келген қонақтарға аймақ басшысы Берік Уәлидің құттықтау хатын оқып,  Алғыс хаттарды табыстады.

«Қасиетті Абай өңірі, Семей жеріне қонақтардың алдыңғы легі болып, керуен тартып, қасиетті жердің дәмі мен сәлемін алып ұлттық рухани астанасы Түркістан облысы жетті. Абай облысы әкімдігінің атынан осы іс-шараға белсене қатысқан Түркістан облысының басшылығына, ұйымдастырушыларына және барлық қатысушыларына шынайы алғысымды білдіремін» делінген құттықтау хатта.

Айта кетейік, Түркістан облысының мәдени күндері аясында қолөнер шеберлерінің көрмесі мен концерттік бағдарлама жұртшылық назарына ұсынылды.

Ұқсас жаңалықтар

МСХ РК и ГТУ КНР подписали Протокол о ветеринарно-санитарных требованиях к экспорту мяса птицы

admin_altyalash

Робот-кокпар и доставка баурсаков дронами: как цифровой Наурыз удивил казахстанцев

admin_altyalash

Депутаты Мажилиса обсудили вопросы поддержки детского спорта с жителями Жезказгана

admin_altyalash