Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовостиЭкономика

Құрылыс саласы – ел экономикасының басым бағыттарының бірі

Құрылыс саласы – ел экономикасының басым бағыттарының бірі. Бұл бағыттың дамуы экономикалық өсімге серпін беріп, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға ықпал етеді. 2025 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысы саласында оң нәтижелерге қол жеткізілді. Құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27%-ға өсіп, 168 млрд теңгені құрады. Өңірде құрылыс қарқынды дамып келеді: жаңа ғимараттар мен нысандар бой көтеріп, халықты баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. 2025 жылы Қостанай облысында тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі өткен жылғы деңгейде сақталып, 500 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Жыл басынан бері 330 мың шаршы метрге жуық баспана салынып, пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,4%-ға жоғары. Тұрғын үй құрылысы жобаларының негізгі бөлігі Қостанай қаласының үлесіне тиесілі – бұл облыста пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы көлемінің 68,8%-ын құрайды. Қостанай ауданындағы «Астана» және «Бәйтерек» шағын аудандарында құрылыс жұмыстары жалғасуда. Мұнда инфрақұрылым тартылып, 150-ден астам үй салу жоспарланған. Инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 8,7 млрд теңге бөлініп, «Құнай», «Береке», «Астана» және «Бәйтерек» шағын аудандарында жұмыстар жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

В ходе визита Министра торговли и интеграции РК А. Шаккалиева в г. Скопье подписано Соглашение о создании Делового совета между Казахстаном и Северной Македонией

admin_altyalash

Аксакалы села Алатау организовали и провели очистку родника с участием местной молодежи в рамках экологической акции «Мөлдір бұлақ»

admin_altyalash

Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»

admin_altyalash