Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовостиПолитика

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Конго Президентін қарсы алды

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекедиді қарсы алды.

Алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феликс Чисекеди бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Осыдан кейін мәртебелі мейманның сапарына орай салтанатты рәсімдер залында сап түзеген құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді.

Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады.

Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Конго Демократиялық Республикасының Президенті кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді.

Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді. Сонан соң  Конго Демократиялық Республикасының Президенті мен Президент құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді. Құрметті қарауыл бастығымен қоштасты.

 

Ұқсас жаңалықтар

«Комфортная школа»: В Атырауской области открылись первые две современные школы

admin_altyalash

11, 1 млн человек посетили библиотеки Казахстана в первом квартале 2026 года

admin_altyalash

В АҚСУ СТАРТОВАЛ ОТКРЫТЫЙ ТУРНИР ПО БОКСУ СТАРТОВАЛ ПО БОКСУ

admin_altyalash