Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовостиОбщество

АРХЕОЛОГТАР 15 МЫҢ ЖЫЛДЫҚ МАМОНТТЫ ЗЕРТТЕЙДІ

Қозыбаев университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Анатолий Плешаков Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Бәйтерек ауылы маңынан табылған бірегей жәдігер – мамонт жіліншігін көпшілік назарына таныстырды.

Бұл олжаны Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Әсет Шайкин балық аулап жүріп кездейсоқ тауып алған. Кейін әйгілі археолог Анатолий Плешаковқа тапсырып, бірге табылған аумақты зерттеді. Тарихшының айтуынша, ежелгі жануардың қалған бөліктері топырақ қабаттарының астында болуы мүмкін.

«Табылған олжаның ұзындығы 1 метрге жуық өте ірі жануарға тиесілі. Оның жасын біз жоғарғы палеолит дәуіріне жатқызамыз. Бұл шамамен 15 мың жыл бұрын. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының аумағынан ежелгі жануарлардың қалдықтары табылған. Келесі жылы табылған жерден шұңқыр қазып көреміз. Егер сол жерден қаңқа мен құрал-саймандарды тапсақ, бұл біздің аумақтағы алғашқы палеолит ескерткіші болмақ», – деді Анатолий Андреевич.

Шұңқыр жасау немесе сынақ қазбасын жүргізу арқылы (тікбұрышты шұңқыр) мәдени қабаттар мен артефактілердің бар-жоғын анықтауға, стратиграфияны бағалауға және осы жерде одан әрі толық көлемде қазбалар жүргізуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Анатолий Плешаков солтүстік қазақстандық археологиялық экспедицияны басқарып келеді. Оның құрамында ғалымдардан басқа Қозыбаев университетінің тарихшы-студенттері бар. Биыл олар екі көне ескерткіш – Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай және Ақ-Ирий елді мекендерінде жұмыс істеді. Келесі археологиялық маусым зерттеушілерге жаңа ғылыми жаңалықтар ашуға мүмкіндік бермек.

Ұқсас жаңалықтар

Токаев выразил благодарность Алиеву за решение снять санкции и создание условий для прямой торговли Казахстана и Армении

admin_altyalash

Сотрудничество направлено на поддержку и развитие волейбола в Казахстане, популяризацию спорта среди молодежи

admin_altyalash

Трудовой коллектив Allur поддерживает реформы и проведение референдума по новой Конституции Республики Казахстан

admin_altyalash