Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Алматыда УЕФА матчынан соң көлік қозғалысы қалай ұйымдастырылады

Алматыда «Қайрат» (Алматы) және «Реал Мадрид» (Мадрид) командалары арасындағы футбол матчының жанкүйерлеріне ыңғайлы болу үшін тегін автобустар жүреді.

Қала әкімдігінің дерегінше, тегін автобус маршруттары орталық стадионнан матч аяқталғаннан кейін негізгі нүктелерге дейін жүреді. Барлығы 60 автобус жолға шығып, 6 нүктеге дейін қатынайды:

Орталық стадион – «Алматы Арена» (тақтайша – А1, жүретін орны – Абай даңғылы батыс бағытта);

Орталық стадион – Райымбек/Алатау (тақтайша – А2, жүретін орны – Абай даңғылы батыс бағытта);

Орталық стадион – «Алматы -1 вокзалы» т/ж (тақтайша – А3, жүретін орны – солтүстік бағыттағы Байтұрсынов көшесі);

Орталық стадион – Орбита ш/а (тақтайша – А4, жүретін орны – оңтүстік бағыттағы Байтұрсынов көшесі);

Орталық стадион-Жұлдыз ш/а (тақтайша – А5, жүретін орны – Шығыс бағыттағы Абай даңғылы);

Орталық стадион – әуежай (тақтайша – А6, жүретін орны – шығыс бағытта Абай даңғылы);

Сонымен қатар, қала метросының жұмысы түнгі сағат 01:00-ге дейін ұзартылады. «Байқоңыр» және «М. Әуезов атындағы театр» бекеттерінде матч өткізу кезінде жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау және сапалы қызмет көрсету үшін қызметкерлер саны күшейтіледі.

Ұқсас жаңалықтар

«ЕвроХим Северо-Запад-2» оспорил уступку прав требования на 23,8 млрд рублей между экс-подрядчиками

admin_altyalash

Страны, соблюдающие закон и порядок, входят в число самых безопасных государств мира — Женис Касымбек

admin_altyalash

МЧС продолжает профилактические мероприятия в жилом секторе

admin_altyalash