Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовостиОбщество

Шығыс Қазақстан – еліміздің ең көрікті аймақтарының бірі

Облыста осы жылдың бірінші жарты жылдығында туризм саласына салынған инвестиция 13 млрд теңгеге жетті. Соның нәтижесінде, туристік ағын 16%-ға, шетелдік келушілер саны 5%-ға көбейді.
«Шығыс Қазақстан – еліміздің ең көрікті аймақтарының бірі және біз оны экономикалық ресурсқа айналдыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Өңіріміз үшін бұл жаңа жұмыс орындарын құруға, инвестиция тартуға және облыстың оң имиджін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Туризмде төрт кластерді дамытудың стратегиялық әлеуетін көріп отырмыз. Атап айтқанда, Катонқарағайдағы сауықтыру туризмі, Марқакөлдегі экотуризм, Риддердегі шаңғы туризмі, Өскеменде және көршілес Ұлан, Глубокое аудандарындағы демалыс туризмі», — деді Н.Сақтағанов.
Бүгінде тау туризмі мен спортшыларды дайындау орталығына айналатын Риддер маңында жыл бойы жұмыс істейтін «Анатау» кешенін салу жоспарланып отыр.
«Сонымен қатар қазіргі заманғы инфрақұрылым, яғни көлік қолжетімділігі, энергиямен жабдықтау, су ресурстары және байланыс болмай табысты туризмді дамыту мүмкін емес», — деді аймақ басшысы.
Фото: Visit East Qazaqstan https://visiteast.kz/

Ұқсас жаңалықтар

Казахстан укрепляет глобальное сотрудничество: ключевые достижения внешней политики в 2024 году

admin_altyalash

Инновационный реабилитационный экзоскелет выходит на рынок

admin_altyalash

ПОДГОТОВКА К ШКОЛЕ: О РЕЖИМЕ ДНЯ И ГАДЖЕТАХ

admin_altyalash