Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовостиОбщество

Жетісу облысында патрульдік полиция шетелдік азаматтарға көмек көрсетті

Алматы – Өскемен трассасында патрульдік полиция шетелдік азаматтарға көмек көрсетті. Үшарал ауылы маңында патрульдік полиция экипажы жол жиегінде тоқтап тұрған көлікті байқап, тексерді.

Көліктің мемлекеттік нөмірі Қытай Халық Республикасына тиесілі болды. Ерлі-зайыптылар — Қытай Халық Республикасының азаматтары, олар Семей өңірінен Алматыға бағыт алған. Анықталғандай, көліктің дөңгелегі жарамсыз болып, жақын маңда көмек көрсету мүмкіндігі болмаған.

Патрульдік полиция инспекторлары Азамат Алмасұлы мен Рымжан Кервен дөңгелекті ауыстырып, көлікті жақын маңдағы шиномонтажға жеткізді. Осылайша, полицейлер шетелдік азаматтарға көмектесіп, олардың алғысын алды.

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов провел совещание по развитию транспортной отрасли

admin_altyalash

Брифинг Официального представителя МИД РК Ерлана Жетыбаева

admin_altyalash

«Bishimbayev University» FAKE

admin_altyalash