Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовостиЗаң мен тәртіп

Түркістан облысында полиция дронның көмегімен мал ұрлығын ашты

Түркістан облысында полицейлер Бәйдібек ауданының тұрғындары, ағайынды екі жігітті мал ұрлығы мен қаруды заңсыз сақтады деген күдікпен ұстады. Нақтырақ айтсақ, жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Бәйдібек ауданы ауылдарының бірінде 3 бас сиырды ұрлау фактісін анықтады.

Күдіктілер ұрланған малды көрші ауданға сатып үлгерген. Бөтеннің мүлкін өткізу фактісі дрон көмегімен тіркеліп, бұл мал ұрлығының ізіне тез шығуға мүмкіндік берді. Сол күні күдіктілер тұрғылықты мекенжайы бойынша ұсталды.

Тінту кезінде олардан 6 бас мал, аңшы мылтығы және басқа заттай дәлелдер тәркіленді. Сондай-ақ ұрланған малды сатып алушы ретінде Ордабасы ауданының тұрғыны анықталды. Қазіргі уақытта мал ұрлығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Ұқсас жаңалықтар

Менеджер автосалона прихватил с собой сейф с 30 млн тенге в Кокшетау

admin_altyalash

Заслуженное признание многолетнего труда: путь Ерванда Ильинского

admin_altyalash

Казахстан закрепился в глобальном топ-20 по образованию, усиливая позиции среди развитых систем

admin_altyalash