Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиСпорт

Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын 36 спортшы қорғайды

Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанның ұлттық құрамасы спорттың 10 түрі бойынша сынға түседі. Ел намысын барлығы 36 спортшы қорғайды. Оның ішінде 18 ер адам және 18 әйел бар.

Ұлттық құраманың орташа жасы – 25 жас. Құраманың ең жас спортшысы – фристайл-акробатика өкілі Асан Асылхан, ол небәрі 16 жаста. Ал команданың ең тәжірибелі әрі жасы үлкен спортшысы – шорт-трекші Абзал Әжғалиев. Оның жасы 33-те.

Құрамадағы ең атақты спортшылардың бірі – фристайл-могулдан өнер көрсететін Юлия Галышева. Ол 2018 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, сондай-ақ 2010, 2014 және 2022 жылдардағы Олимпиадаларға қатысқан.

Қазақстан намысын Қарағанды облысының өкілі – Теміртаудан шыққан биатлоншы Владислав Киреев те қорғайды.

Еске салайық, қысқы Олимпиада ойындары Италияда 2026 жылғы 6–22 ақпан аралығында өтеді. Байрақты бәсекеде әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы бақ сынайды.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше

Ұқсас жаңалықтар

Спецпредставитель ООН: программа «Дети Казахстана» — пример для других стран

admin_altyalash

Общественники и депутаты требуют проверить зоозащитные организации

admin_altyalash

«Куда жаловаться, если НПО нарушает закон. Чёткая инструкция»

admin_altyalash