Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовостиКультураӨнер

Қарағандыда «Ән керуен» дәстүрлі қазақ музыкасының концерті өтеді

Дәстүрлі қазақ әні мен күй өнерін қадірлейтін көрермендерді 11 ақпанда Қарағандыдағы К. С. Станиславский атындағы театрға шақырады. Бұл күні сахнада «Ән керуен» атты дәстүрлі музыка концерті өтеді. Кеш барысында бір сахнада ұлттық өнердің белгілі орындаушылары мен шығармашылық ұжымдар бас қосады.

Концерттік бағдарламаға «Арқа сазы» және «Назқоңыр» ансамбльдері, сондай-ақ танымал өнерпаздар — Жақсыгелді Кемалов, Меруеш Башай, Құрмаш Ыбышев, Ержан Базарбеков, Гүлмира Тапай, Дәуренбек Аркенов, Айдын Құлжанбеков, Арайлым Жүкенова, Дулат Аханов, Сырым Хордин, Ақерке Оралхан, Медет Осатаев, Ришат Шабденов, Аяжан Әкеева, Нұрлытаң Саятқызы, Азат Әбдіғалым, Шыңғыс Сәрсенбай және Қуандық Төкенов қатысады.

Концерттің көркемдік жетекшілері — мәдениет қайраткері Байғара Садуақасов пен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Дәуренбек Аркенов.

Кешкі концерт сағат 18:30-да басталады.

Ұқсас жаңалықтар

Комплексный план развития Астанинской агломерации утвердило Правительство РК

admin_altyalash

Объединяемся, чтобы помогать населению: как прошла республиканская акция «Народный юрист»

admin_altyalash

В области Жетісу привели в порядок дорогу, которую не ремонтировали почти 30 лет

admin_altyalash