Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиОбщество

Ж.Ерманов: Жаңа конституция- елдің, халықтың үміті 

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ақын Жүрсін Ерманов конституциялық реформаға қатысты өз ойын білдірді.

«Еліміздің көшбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен конституциялық реформа жүргізу жөніндегі жұмыстар басталғалы елдің ішінде едәуір өзгерістер болып отыр.Елдің тәуелсіздігін, жердің бүтіндігін, ұлттың амандығын қостайтын азаматтардың барлығы пікірлерін білдіріп жатыр. Конституцияның баптарын өзгерту жөнінде қаншама ұсыныстар түскен. Оның барлығын бәріміз қол аяғымызды көтеріп қолдайтын ұсыныстар. Жаңадан құрылатын Халық кеңесі бірқатар іргелі өзгерістердің басында тұрған шара болып көрінеді. Конституциялық реформа деген оңай шаруа емес.Барлығы жақсылыққа бастасын. Елдің, халықтың үміті  жаңа саяси жаңғырудың жолында болып отыр. Мен шығармашылық интеллегенцияның өкілі ретінде осының бәрін қолдаймыз»- деп атап өтті Жүрсін Ерманов.

Ұқсас жаңалықтар

ОСДП и Ассоциация деловых женщин презентовали проект PANA по созданию сети точек укрытия для женщин и детей

admin_altyalash

Профилактическая акция “Астана – город без наркотиков” прошла в столице

admin_altyalash

Формирование культуры заботы о репродуктивном здоровье — это не разовая кампания, а стратегическая задача, требующая постоянства, координации и вовлеченности

admin_altyalash