Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовостиКультура

«Түркі әлемінің балалар ойындары халықаралық фестивалі» өтуде

2026 жылғы 16–18 ақпан аралығында Астана қаласындағы №104 Келешек мектебінде 9–13 жас аралығындағы оқушыларға арналған «Түркі әлемінің балалар ойындары халықаралық фестивалі» өтуде. Шараны Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен Түркия Республикасының Білім министрлігі бірлесе ұйымдастыруда.

Фестиваль түркі мемлекеттері арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға, дәстүрлі балалар ойындарын сақтауға және болашақ ұрпаққа насихаттауға бағытталған.
Іс-шараның негізгі мақсаттары балалар ойындарын жүйелеу, ортақ мұрағат қалыптастыру, ойындардың білім беру үдерісіндегі педагогикалық рөлін арттыру, сондай-ақ жас ұрпақтың әлеуметтік, эмоционалдық әрі мәдени дамуына қолдау көрсету.

Фестиваль аясында еліміздің 20 өңірінен келген педагогтерге арналған халықаралық семинар-тренинг өткізілуде. Қатысушылар түркі халықтарының дәстүрлі ойындарымен танысып, оларды білім беру тәжірибесіне енгізу жолдарын талқылайды. Семинар-тренинг бағдарламасында асық ату, таяқ тарту, ләңгі тебу, орамал тастамақ, сақина салу, ханталапай, тымақ ұру, бес асық және тағы басқа ойын түрлері ұсынылған.

Семинар-тренинг қорытындысы бойынша Түркия делегациясы қазақ мәдениетіне тән төрт ойынды іріктеп алады. Бұл ойындар 2026 жылғы сәуір айында Стамбул қаласында өтетін түркі елдері фестивалінде көрсетіледі. Фестиваль түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын сақтауға және халықаралық педагогикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Вопросы реализации Послания Президента обсудили в акимате Астаны

admin_altyalash

ЭКСПЕРТЫ ВЫРАЗИЛИ ЕДИНОГЛАСНУЮ ПОДДЕРЖКУ НОВОМУ ПРОЕКТУ КОНСТИТУЦИИ

admin_altyalash

Мы хотим, чтобы молодёжь видела пример общения между духовными лидерами и принимала эти знания для продолжения диалога из поколения в поколение

admin_altyalash