Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиОбщество

«Қоғамдық пікір» зерттеу институты «Қазіргі жастар: сипаттамасы, құндылықтары, қызығушылықтары» атты ғылыми семинар өткізді

27 қаңтар 2026 жылы «Қоғамдық пікір» зерттеу институты (Астана, Қазақстан) және Ханкук шетел тілдері университетінің Орталық Азия зерттеулері институты (Сеул, Корея Республикасы) бірлескен «Қазіргі жастар: сипаттамасы, құндылықтары, қызығушылықтары» атты ғылыми семинар өткізді.

Ғылыми семинар барысында Қазақстан, Оңтүстік Корея және Түркия зерттеушілері өз елдеріндегі қазіргі жастардың ерекшеліктерін, өмірлік құндылықтары мен басымдықтарын, әртүрлі ұрпақтардың қызығушылықтары мен мақсаттарын талқылады. Жас буынның құндылықтары мен бағдарлары қандай? Жастар үшін не маңызды? Олардың қызығушылықтары қандай? Ұрпақтар бір-бірінен несімен ерекшеленеді? Болашақ туралы түсініктері қандай? болашақтың адамдары –  кім олар?

Семинарда келесі баяндамалар ұсынылды: Санчел Ким, PhD, профессор, Ханкук шетел тілдері университетінің Орталық Азия зерттеулері институтының ғылыми қызметкері (Сеул, Корея Республикасы) – «Корея Республикасындағы және Орталық Азия елдеріндегі (Қазақстан және Өзбекстан) миллениал ұрпағының ерекшеліктері»,

Шаймерденова Сабина Ануарбекқызы, әлеуметтану магистрі, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының Әлеуметтанулық зерттеулер және болжамдау басқармасының басшысы (Астана, Қазақстан) – «Қазақстан жастары: келбеті, құндылықтары, болашағы»,

Анар Сомунджуоғлу, PhD, қауымдастырылған профессор, Хаджеттепе университеті (Анкара, Түркия) – «Түркияның қазіргі жастары»,

Қаламқас Есімова, антропология және этнология магистрі, «Қоғамдық пікір» зерттеу институты, Astana IT University (Астана, Қазақстан) – «ҚХР-дағы жастарға қатысты социологиялық зерттеулер».

Семинарға түрлі ұйымдардың өкілдері қатысты: ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты, «Отандастар қоры» КЕАҚ, Astana IT University, Астана мемлекеттік қызмет хабы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Қытай зерттеушілері қауымдастығы.

Ғылыми семинардың модераторы: Ракишева Ботагоз Ислямовна – «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің доценті м. а.

Толығырақ: https://opinions.kz/ru/merop/nauchnye-seminary

Ұқсас жаңалықтар

В рамках республиканской акции «Таза Қазақстан» в Есильском районе Северо-Казахстанской области высажено 40 000 деревьев

admin_altyalash

1,2 МИЛЛИОНА ЖИТЕЛЕЙ НА СЕЛЕ ПОЛУЧИЛИ МЕДПОМОЩЬ НА ПЕРЕДВИЖНЫХ КОМПЛЕКСАХ

admin_altyalash

Ералы Тугжанов ознакомился с ходом работ по сокращению дефицита мест в школах Алматы

admin_altyalash