Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяОбразованиеОбщество

Белгілі ғалым тілге қатысты алып қашпа әңгімелерге сенбеуге шақырды

Белгілі ғалым Асқар Жұмаділдаев қоғамда орын алып жатқан тілге қатысты алып қашпа әңгімелерге сенбеуге шақырды.

«Біздің зиялы қауым болмайтын әңгіме айтып, болмайтын мәселені көтеріп, босқа шулап жүр. Сіз шынымен де тіл жанашыры болсаңыз, жасанды интеллектіні меңгеріңіз, заманауи әлемде тіліміздің қолданасын кеңейтуге тырысыңыз. Үйде жатып алып, «дүкенде біреу орысша айтып қойыпты» дегеннің бәрі — бос әңгіме. Дүниеде жүз мың дүкен бар, жүз мың кафе бар, онда миллион адам жұмыс істейді. Сол миллионның ішінде бір мың ақымақ шықпай ма? Бір ақымақпен кездесіп қалып, ақымақ болып жүресіз бе сонда?

Ондай әңгімені қою керек. Егер біз конструктивті бағытпен жұмыс істейтін болсақ, жасанды интеллектіге көмектесетін болсақ, бұл сіздің шын жанашырлығыңызды көрсетеді. Соны көрсетпей жатып, айдалада жатып далақтағанның ешкімге керегі жоқ»- деді Асқар Жұмаділдаев.

Ұқсас жаңалықтар

Масштабная уборка в рамках акции «Таза Қазақстан» прошла в городах и районах области Абай

admin_altyalash

Более 19 тыс. км сетей отремонтировано в Казахстане: снижается износ и растет надежность ЖКХ

admin_altyalash

В Астане завершился международный турнир по бадминтону Astana International Challenge 2025

admin_altyalash