Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиОбщество

Автокөліктерді тұраққа дұрыс қою ережесін сақтау және жолдарды бос ұстау – бұл әр адамның міндеті

Солтүстік Қазақстан облысында «Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес «Жол бер» республикалық профилактикалық акциясы аясында «Аула өрт сөндірушінің көзімен» профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

  Құтқарушылар мен блогер Дина Мухаметжанова көппәтерлі үйлер ауласынан өту кезінде өрт сөндірушілерді қандай қиындықтар күтетіні туралы көрсетті. Олар тұрғындардың автотұрақ ережелерін сақтау маңыздылығына назар аударды. Босатылмаған жолдар мен ережеге сай тұрғызылмаған автокөліктер арнайы техниканың оқиға орнына жедел жетуін айтарлықтай қиындатады.

  Акция барысында барлық жүргізушілер қауіпсіздік талаптарына жауапкершілікпен қарамайтыны анықталды. Кіреберістер мен тар аула учаскелеріне қойылған автокөліктер өрт техникасының жолын бөгеп, гидранттарға қол жеткізуді қиындатады. Бірақ кең автотұрақтары мен кедергісіз жолдары бар аула учаскелері арнайы техниканың жылдам және қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді.

  Өрт сөндірушілердің уақытылы келуі көп жағдайда тұрғындардың өздерінің сақтығы мен жауапкершілігіне байланысты. Автокөліктерді тұраққа дұрыс қою ережесін сақтау және жолдарды бос ұстау – бұл әр адамның міндеті.

Ұқсас жаңалықтар

«Комфортная школа»: В Атырауской области открылись первые две современные школы

admin_altyalash

Президент собственным примером внедряет новую культуру — эксперт об интервью Токаева газете «Ana tili»

admin_altyalash

Восстановлены нарушенные права предпринимателей

admin_altyalash