Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиКультураӨнер

«Астана Операда» Джузеппе Вердидің «Травиатасы» жұлдызды құраммен сахналанды

gov.kz

«Астана Опера» театрында Джузеппе Вердидің «Травиата» операсы жұлдызды құраммен сахналанып, зал көрерменге лық толды. Әртістерге ерекше құрметтің белгісі ретінде спектакль қатысушыларына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ықылас гүлі табысталды.

Бұл кеште басты партияларды опера өнерінің танымал шеберлері орындады. Виолетта Валери бейнесінде сопрано Мария Мудряк өнер көрсетті. Бұл спектакль әнші үшін ерекше мәнге ие. Осыдан дәл он жыл бұрын Мария Мудряк «Астана Опера» сахнасында осы рөлмен дебют жасаған еді. Осы уақыт ішінде Виолетта партиясы оның шығармашылық өмірінде маңызды орын алып, жаңа эмоциялық және драмалық қырынан ашылды.

Альфред Жермон партиясын алғаш рет испандық тенор Жоэль Прието орындады. Оның қатысуы кештің басты оқиғаларының біріне айналды. Әнші үшін бұл жаңа партиядағы дебют қана емес, сонымен қатар Қазақстанға жасаған алғашқы сапары болды. Жоэль Прието Ковент-Гарден, Ла Скала, Париж ұлттық операсы және Зальцбург фестивалі сияқты әлемнің ірі сахналарында өнер көрсеткен.

Жорж Жермон бейнесін Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Талгат Мұсабаев сомдап, қойылымның драмалық қуатын арттырып, сахналық көркемдігін айқындай түсті. Дирижерлік пультте италиялық маэстро Джузеппе Акуавива тұрды. Солистермен бірге сахнаға «Астана Опера» театрының хоры, миманс әртістері және симфониялық оркестрі шықты.

Ұқсас жаңалықтар

Ақордада тасқынмен күреске белсене атсалысқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті

admin_altyalash

Глава государства в режиме телемоста принял участие в церемонии запуска подачи природного газа в город Косшы

admin_altyalash

«Праздник со слезами на глазах»: День Победы в Казахстане прошел под знаком памяти

admin_altyalash