Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовостиКультураДуховность

Алматыда Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған жыр жинақтың тұсаукесері өтті

ҚР Ұлттық кітапханасында көрнекті ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті. Іс-шараға ақын-жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Мерейтой аясында «Ұлт игілігі – ұлттық мұра» атты кең көлемді әдеби көрме ұйымдастырылды. Көрмеде Олжас Сүлейменовтің шығармашылық мұрасы, алғашқы басылымдары, сондай-ақ ақынның өмірі мен қызметіне арналған мерзімді баспасөз жарияланымдары ұсынылды.

Сонымен қатар әр жылдары жазылған туындыларды қамтыған «Книга поэм» атты жинақтың тұсаукесері өтті. Жинақта автордың уақыт, қоғам, тарих және адам тағдыры туралы толғамдары көрініс тапқан.

Іс-шара соңында ақынның өмірі мен шығармашылық жолына арналған режиссер Игорь Гонопольскийдің «Людям я не лгал…» деректі фильмі көрсетілді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Токаев: Акимы должны ходить пешком

admin_altyalash

Казахстан укрепляет позиции единственной «средней державы» Центральной Азии

admin_altyalash

Казахстанский паспорт обогнал всех соседей по региону в рейтинге Henley 2026

admin_altyalash