Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовостиКультураӨнерДуховность

Аида Балаева Шымкенттегі «Жастар» театрының жұмысымен танысты

gov.kz

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Шымкент қаласындағы «Жастар» театрына барып, Мұхтар Әуезовтің трагедиясы желісінде сахналанған «Еңлік – Кебек» спектаклін тамашалады.

Қойылым – қазақ драматургиясының алтын қорына енген, ұлт рухы мен халықтың тарихи тағдырын терең бейнелейтін көрнекті туынды. Театр ұжымы спектакльді жаңа режиссерлік шешіммен ұсынып, классикалық шығарманы заманауи сахналық тіл арқылы жаңаша пайымдаған.

Театрға сапары аясында Аида Балаева ұжымның тыныс-тіршілігімен танысып, қызметкерлермен кездесу өткізді.

«Мемлекет басшысы мәдениет саласына ерекше мән береді. Президент ұлт рухын асқақтатып, рухани тұтастықты нығайтып жүрген сіздер – мәдениет қайраткерлерінің еңбегін әрдайым жоғары бағалайды», – деді ол.

Биыл «Жастар» театрының ашылғанына бір жыл толып отыр. Қазіргі уақытта театр репертуарында 10 қойылым бар. Жас театр халықаралық деңгейде де танылып үлгерді. 2025 жылы Алжирде өткен The International Cultural Festival of Desert Theatre фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды.

Сонымен қатар 2026 жылғы сәуірде Франциядағы GRRRANIT – Scène nationale de Belfort театрымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ театр Италия, Корея және Канада елдеріндегі әріптестерімен әріптестік байланыс орнатып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және халықаралық фестиваль ұйымдастыру бағытындағы мүмкіндіктерді қарастырып отыр.

Бүгінде театр ұжымында 145 адам еңбек етеді. Оның ішінде 50 әртіс және 18 шығармашылық құрам өкілі бар.

 

Ұқсас жаңалықтар

Древний след степной цивилизации: в Мангистау исследуют город с двухтысячелетней историей

admin_altyalash

Главной транспортной прокуратурой проведено заседание Координационного совета по профилактике правонарушений на объектах транспорта

admin_altyalash

Страны с высокой культурой чтения останутся в авангарде глобального прогресса – Токаев

admin_altyalash