Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиОбщество

Блогер Серікжан Біләштің әрекетін сынға алды

фото:ғаламтордан алынды

Әлеуметтік желіде «_khassanov» атымен белгілі Атажұрт өкілдерінің сотына қатысты пікір білдірді.

Instagram-да жариялаған видеосында блогер бұл әрекеттердің артында дәл қазір Америкада жүрген Серікжан Біләш тұрғанын айтады.

«Бұл кеңінен таралып жатқан үлкен мәселе. Әлеуметтік желілерден барлықтарыңыз да көрген боларсыздар деп ойлаймын. Бұл мәселе 19 қазағымыздың сотталуына қатысты. Не үшін олар сотталып жатыр? Бір арандатушы, ірің салушы Серікжан Біләш деген азамат бар. Соның сөзіне еріп, бұл кісілер басқа елдің туын және басшысының суретін өртеген», – дейді блогер.

Сөзін тарқата келе блогер Серікжан Біләшті сынға алып, мұндай арандатушылардың өздері әрекетке ешқашан бармайтынын, басын қатерге мүлде тікпейтінін, тек адамдарды айдап салумен жүретінін жеткізді.

«Қазір өзі Америка мемлекетінде екен. Қазір сол елде жүріп, неге шықпайды өзі ту немесе суретті өртеп?! Мұндайлар өздері шыға алмайды, олар тек басқалардың миын улайды, бірақ өздері шықпайды», – деді ол.

Сондай-ақ, видеода блогер мұндай заңға қайшы әрекеттің салдарына да тоқталды. Оның айтуынша, арандатушының сөзіне ессіз еріп, қылмыс жасаған қазақтардың артында ата-анасы, бауыры, келіншектері мен балалары жылап қалған.

Сөз соңында блогер әрбір ақпаратты сыни көзқараспен қабылдауға және де арандатушылардың артынан ере бермеуге шақырды.

«Менің сіздерге айтарым, дәл осындай жағдайға түсіп қалмау үшін бірінші кезекте кімді тыңдап жатсыз, кімді қолдап жатсыз, кімнің айтқанын істеп жатсыз, соның барлығын бірінші кезекте анықтап біліп алыңыздар», – түйіндеді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Стартовал IV поток проекта по развитию женского лидерства «Tomiris» партии «AMANAT»

admin_altyalash

Библиотеки как «третье место в жизни»: проект TANA и Jaña klub создаёт новую модель общественных пространств в Казахстане

admin_altyalash

Новая Конституция РК позволит эффективнее защищать права социально уязвимых групп – Ляззат Калтаева  

admin_altyalash