Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовостиЗаң мен тәртіп

Шымкентте полиция интернет-алаяқтыққа қатысы бар шетелдікті ұстады

фото:gov.kz

Киберполицейлер Шымкент қаласының тұрғындары зардап шеккен алаяқтық схеманың жолын кесті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Алматы қаласында тұратын интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерді ұйымдастыруға және үйлестіруге қатысы бар шетелдік азамат.

Алаяқтық схемасы психологиялық қысым көрсетуге негізделген: күдіктілер жәбірленушілерге қоңырау шалып, өздерін банк немесе мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстырып, түрлі сылтаулармен ақшаны “қауіпсіз шоттарға” аударуға көндірген. Соның салдарынан азаматтар өз жинақтарынан айырылған. Қазіргі таңда алаяқтықтың үш фактісі анықталды. Келтірілген жалпы шығын шамамен 8 миллион теңгені құрайды.

Тексеру барысында ұрланған қаражат аударылған шоттар да анықталды. Олар Алматыда тұратын төрт шетелдік студенттің атына рәсімделгені белгілі болды. Олардың банк карталары мен шоттары заңсыз схема аясында пайдаланылып, қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және әрі қарай аудару үшін қызмет атқарған.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Полиция азаматтарды мұқият болуға шақырады: бейтаныс адамдардың қоңырауларына сенбеңіздер, оларлың нұсқауымен қаржылық операциялар жасамаңыздар. Банк қызметкерлері мен мемлекеттік органдар ешқашан телефон арқылы ақша аударуды талап етпейді.

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов принял участие в заседании Совета глав правительств СНГ в Ашхабаде

admin_altyalash

Девочка из Семее сыграла главную роль в самом ожидаемом семейном фильме “Бабай”

admin_altyalash

Новая Конституция сохраняет приоритет прав собственников жилья

admin_altyalash