Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Астанада Қазақстан жұмыс берушілері қауымдастықтарының I Ұлттық форумы өтеді

18 мамыр күні Бейбітшілік және келісім сарайы Қазақстанның еңбек нарығының болашағын айқындайтын басты алаңға айналады. Жұмыс берушілер ассоциацияларының бірінші ұлттық форумы бизнес, мемлекет және қызметкерлер арасындағы диалогты нығайту үшін 400-ден астам қатысушы мен 100-ден астам қауымдастықтың басын қосады.

Қатысушылар еңбек нарығындағы негізгі өзгерістерді, соның ішінде жұмыспен қамту формаларының трансформациясын, дағдыларды дамыту мен кадрларды қайта даярлауды, халықаралық стандарттарды, жұмыс берушілер бірлестіктерін нығайтуды, сондай-ақ бизнес, мемлекет және қызметкерлердің өзара іс-қимыл мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар, форум аясында әйелдер кәсіпкерлігі мен көшбасшылығын дамытуға арналған «Әйел жұмыс берушілер» атты панельдік сессия өтеді. Сарапшылар әйелдердің бастамаларын қолдау, инклюзивті экономиканы дамыту және табысты әйел көшбасшылардың тәжірибесін талқылайды.

Форум спикерлері қатарында:

  • Жаслан Хасенұлы Мәдиев — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі;
  • Асқарбек Маратұлы Ертаев — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
  • Саясат Нұрбек — ҚР Ғылым және жоғары білім министрі;
  • Саранго Раднарагча — БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі;
  • Сатыбалды Телағысұлы Даулеталин — ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы;
  • Хенрик Моллер — Халықаралық еңбек ұйымының өкілі;
  • Жұмабек Есілбекұлы Жанықұлов — «PARYZ» ҚР Жұмыс берушілер ұлттық конфедерациясы президиумының төрағасы.

Сондай-ақ форумға Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ), Халықаралық жұмыс берушілер ұйымының өкілдері, ірі салалық және өңірлік бизнес қауымдастықтарының жетекшілері, мемлекеттік органдар өкілдері және еліміздің жетекші кәсіпкерлері қатысады.

Іс-шараның маңызды бөлігі ретінде республикалық және өңірлік қауымдастықтардың арнайы көрмесі ұйымдастырылады. Бұл алаңда жұмыс берушілер өз жетістіктері мен әлеуетін көрсетіп, жеке сектордың Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне қосып отырған үлесін таныстырады.

Форум тек пікір алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар жаңа серіктестіктердің, бастамалардың және кәсіби бірлестіктердің негізін қалайтын, Қазақстан бизнесінің болашақ даму бағытын айқындайтын маңызды алаңға айналмақ.

 

Күні: 2026 жылғы 18 мамыр

Уақыты: 10:00

Өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік және келісім сарайы

 

БАҚ өкілдерін аккредиттеуден өткізу үшін редакция өкілдерінің деректерін жолдауды сұраймыз.

 

БАҚ өкілдерін аккредиттеу: https://assosiations-form.tilda.ws/

Айдана Балтабаева  +7 707 942 05 97

«PARYZ» конфедерациясының баспасөз қызметі

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Фотокорреспонденты СМИ провели мастер-класс для студентов ЕНУ в Зеренде

admin_altyalash

«Вы получили редкий шанс стать сопричастным к судьбе нашей Родины» – Токаев обратился к молодых казахстанцам

admin_altyalash

Доля МСБ в экономике Казахстана выросла до 40% ВВП: исследование Mastercard и KPMG

admin_altyalash