Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Елордалық балуан қыз Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды

Астана қаласының спортшысы Ирина Кузнецова Алматыда өтіп жатқан әйелдер күресінен Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

62 келі салмақ дәрежесіндегі финалда жерлесіміз Ирина Кузнецова Алматы облысының өкілі Тыныс Дүбекпен бозкілемде белдесті.

Белдесудің алғашқы кезеңінде Кузнецова белден асыра лақтыру әдісін сәтті орындап, бірден 4 ұпай еншіледі. Кейін тағы бір ұпай алып, есепті 5:0-ге жеткізді.

Екінші кезеңде де астаналық балуан қарқынын бәсеңдеткен жоқ. 5:0 есебі тіркелген сәтте Кузнецова қарсыласын таза жеңіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Осылайша, Ирина Кузнецова әйелдер күресінен Қазақстан кубогының алтын медалін жеңіп алды.

Айта кетейік, Ирина Кузнецова – U23 Азия чемпионы.

Ұқсас жаңалықтар

Сильнейшие спортсмены по жамбы ату готовятся к 5-м Всемирным играм кочевников

admin_altyalash

Международный турнир PGL Astana 2026 стартовал в столице

admin_altyalash

Определен состав национальной сборной Казахстана по шорт-треку на зимнюю Олимпиаду в Милан-2026

admin_altyalash